Прием заявок

573545-EPP-1-2016-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP APPLE  

Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems» (АPPLE)

(Ғарыш кеңістігін және интеллектуалды роботтар жүйесін зерттеу саласындағы қолданбалы оқу бағдарламасы / APPLE)

 

Жоба мерзімі: 15.10.2016 г. – 14.10.2019 г.

Жоба вебсайты: http://apple.erasmus.plus

 

Мақсаты: ғарыштық зерттеулер мен интеллектуалды робототехникалық жүйелер саласында қолданыстағы оқу бағдарламаларын бейімдеу, жаңғырту және қайта құрылымдау; осы саладағы жаңа үрдістерге, еңбек нарығында сұранысқа және Болон процесіне сәйкес жаңа сертификатталған курстар әзірлеу; инновациялық оқу бағдарламаларын тестілеу және нәтижелерді тарату.
Міндеті: мақсатты аймақтағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, қолданыстағы оқу бағдарламаларын қарау / талдау / жаңарту арқылы қолданбалы білім беру бағдарламасын енгізу; бакалавриат және магистратура бағдарламаларын қоса алғанда, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және аккредитациялау; қолданыстағы жаңғырту және жаңа білім беру бағдарламасы шеңберінде тиімді оқыту үшін жаңа жабдықталған зертханалар құру; жаңа оқу бағдарламалары шеңберінде ғылыми кадрларды / тәлімгерлерді қайта даярлау; мүдделі тараптардың қолдауымен пилоттық оқытуды өткізу

Нәтижелері:

1.        Жаңа оқу бағдарламалары шеңберінде ғылыми қызметкерлерді / тәлімгерлерді қайта даярлау:
·         Thomas More университетінде оқу курсы (Бельгия) 
·         «Entrepreneurship and communication» and «Introduction to VHDL programming using Basys3 and Vivado» тақырыбы бойынша шетелдік ғалымдардан мастер-класс (ҚазҰУ, Алматы)
·         Sorbonne университетінде оқу курстары (Париж) 
·         Микроэлектроника бойынша мастер-класс (АЭжБУ, ҚазҰУ, ЕҰУ)
2.    2018 оқудың барлық үш деңгейіне жаңа «Робототехникалық жүйелер» ОБ құрылды: бакалавриат, магистратура және докторантура.
3.    ROBOLAB зертханасы құрылды