Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі

Әлемдік Өнер және Ғылым Академиясының (The World Academy of Art and Science) мүшесі, т.ғ.д.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов


Жоғары мәртебелі Пан Ги Мун мырза!

Жоғары мәртебелі дипломатиялық қоғамдастықтың мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

Пан Ги Мун мырзаны және Астана экономикалық форумының барлық қатысушыларын Қазақстан жерінде жылы қарсы алуға рұқсат етіңіз!

Құрметті Пан Ги Мун мырза! Қазақ елі, Сіздің әлемнің дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалайды. Бұл форум БҰҰ-ның Қазақстандағы жұмысының 25-жылдығын атап өтілетін жылы және адамзат алдында тұрған жаһандық проблемаларды шешуге ықпал етіп,  Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық еткен жылы өткізілетіні өте символдық.

Сіздің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ретінде белсенді және жемісті жұмысыңыздың арқасында, Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) және Біріккен Ұлттар Ұйымының академиялық әсері (UNAI) атты бағдарламалары, сонымен қатар тағы да басқа жаһандық бағдарламаларды БҰҰ бастамашылық етті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның ғаламдық хабын басқаруға құрметпен ие болды және көптеген халықаралық алаңдарда, соның ішінде жаһандық G-Global платформасында Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) талқылауға және енгізуге белсенді ықпал етті.

Алты жыл бойы атқарылған жемісті жұмысымыздың нәтижесінде ҚазҰУ халықаралық инновациялық зерттеулер мен тұрақты даму және ғаламдық азаматтық туралы білім беру бағдарламалары бойынша үлкен тәжірибе жинақтады, атап айтқанда:

1)       ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті жан-жақты дамытуда, сонымен қатар 2012 жылы БҰҰ-ның «РИО +20» форумында тұрақты энергетикалық мәселелер талқыланған «Жасыл көпір – ұрпақтан ұрпаққа» атты бағдарламасын ұсынған ТМД елдері арасындағы жалғыз университет болды;

2)       Университет Колумбия университеті сияқты әлемнің жетекші университеттермен ынтымақтастықта тұрақты даму саласындағы мамандарды оқыту мен білім беруді интернационализациялауға белсенді түрде қолдау көрсетеді;

3)       Біз бейбітшілікті сақтау және экстремизмді алдын алу үшін/ сол мақсатында жастармен тығыз жұмыс жүргізудеміз. Мысалы, 20-дан астам елдің өкілдері қатысатын ең ірі конференциялардың бірі болып табылатын «БҰҰ үлгісі - Жаңа Жібек жолы» атты жеті халықаралық конференциялар ұйымдастырылды;

4)       ҚазҰУ өркениеттер диалогын тұрақтылықтың құрамдас бөлігі ретінде түрлі жолдармен ынталандырады, сонымен қатар ЮНЕСКО-ның тұрақты дамуы жөніндегі кафедрасында және Университетте белсенді жұмыстар жүргізілуде. Университет үшін ЮНЕСКО-ның UNITWIN бағдарламасының тұрақты дамуы бойынша Орталық Азиядағы хабына айналу үлкен мәртебе.

5)       Бүгін, мен 2018 жылдың мамыр айында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2018-2020 жылдарға арналған БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі жаһандық хабының мәртебесін кеңейту туралы куәлік алды деп ресми түрде хабарлағым келеді. Сонымен бірге, біздің университет БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірге жаһандық азаматтық мәселелер бойынша конференция өткізді.

Жинақталған бай тәжірибеміз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұрақты даму институтын құру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кеше, біз, Сіз басқарып отырған GGI-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық.

АЭФ-тің үлкен трибунасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұрақты даму институтын ресми түрде жариялау, мен үшін үлкен мәртебе!

Тұрақты даму институтына белгілі саясаткер және Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаның атын беруді ұсынамыз. Пан Ги Мун мырза, біз үшін Сіздің ҚазҰУ-дың құрметті профессоры атануы мақтаныш! Осы мүмкіндікті қолдана отырып, Сізді Халықаралық Кеңестің құрметті төрағасы ретінде Институтқа шақырғанымыз!

Сіздің атыңызды Тұрақты даму институтымен байланыстыруға қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет айтамын!

Біз, ҚазҰУ-дағы Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты заманауи өркениеттің мәселелерін және жаһандық мәселелерді шешуге лайықты үлес қосады және Сіздің орнықты және тұрақты әлем құру мен SDG-ді енгізу жөніндегі бастамаларыңызда сенімді серіктесі болады деп сендіргіміз келеді.

Назарларыңызға рахмет!

 


 

Ban Ki-moon Institute for Sustainable Development


Қаз 16, 2018

Read more...

Қаз 11, 2018

Read more...

Қаз 8, 2018

Read more...

Қаз 8, 2018

Read more...

Қаз 3, 2018

Read more...

Қыр 20, 2018

Read more...

Қыр 19, 2018

Read more...

Шіл 5, 2018

Read more...

Мау 4, 2018

Read more...

Мам 22, 2018

Read more...

Мам 19, 2018

Read more...

Мам 11, 2018

Read more...

Сәу 26, 2018

Read more...

Сәу 17, 2018

Read more...

Сәу 16, 2018

Read more...

Сәу 4, 2018

Read more...

Нау 26, 2018

Read more...

Нау 26, 2018

Read more...

Нау 19, 2018

Read more...

Нау 19, 2018

Read more...

Нау 14, 2018

Read more...