Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, магистранттары және PhD докторанттары!

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Рим қаласында өтетін Халықаралық мансап фестивалі туралы хабарлайды!

 

Халықаралық мансап фестивалі - жас дарындарға, мекемелерге, компанияларға, ғылыми-өндірістік бірлестіктерге  және халықаралық ұйымдар өкілдеріне арналған алаң.


Фестиваль 4 негізгі жобадан тұрады. Әрбір қатысушы өзіне қолайлы жобаға қатыса алады.


1)    БҰҰ үлгісі. БҰҰ Дипломатиялық симуляциясы. Жоба халықаралық қатынастар, дипломатия, саясаттану, құқық мамандығын оқып жүрген студенттерге ұсынылады.


2)    Бизнес ойындары. Бизнестің шынайылығын модельдеу, оның шеңберінде нақты бизнес-істер бойынша бәсекелестік болады. Бизнес, экономика, менеджмент, маркетинг, информатика оқитын студенттерге ұсынылады.


3)    Баспасөз ойындары. Журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары саласында (веб, теледидар, радио) симуляция. Байланыс, медиа, аударма және интерпретация, әдебиет, философияны зерттейтін студенттерге ұсынылады.


4)    Халықаралық мансаптық курстар. Халықаралық мансаптың табысты өтуі үшін қажетті практикалық семинар сабағы. Кез келген пән бойынша оқитын студенттерге ұсынылады.


Фестиваль Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігі, Еуропалық Комиссия, сондай-ақ БҰҰ Агромәдени даму қоры (IFAD) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) сияқты кеңселерінің қолдауымен өтеді. Фестивальге әлемнің 100-ден астам елінен 2000-нан астам жастар қатысады.

 


Фестивальді өткізу күні: 2019 жылдың 9-12 наурызы

 


Тапсырыс берудің соңғы мерзімі: 2018 жылдың 14 желтоқсаны

 


Фестивальға қатысу үшін төменгі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:

http://www.internationalcareersfestival.org/registration.asp


Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қосымша мәлімет алу үшін төменгі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:

http://www.internationalcareersfestival.org/static/17/application/deadlines-and-requirements


Қосымша мәлімет алу үшін Қазақстандағы «Giovani nel Mondo» компаниясының өкілі Нурсеитова Камиляға келесі электрондық мекенжайы арқылы хабарласыңыз:

k.nursetova@internationalcareersfestival.org

Жел 4, 2018

Read more...

Жел 3, 2018

Read more...

Қар 27, 2018

Read more...

Қар 7, 2018

Read more...

Қаз 25, 2018

Read more...

Қаз 23, 2018

Read more...

Қаз 18, 2018

Read more...

Қаз 18, 2018

Read more...

Қаз 16, 2018

Read more...

Қаз 16, 2018

Read more...

Қаз 16, 2018

Read more...

Қаз 11, 2018

Read more...

Қаз 8, 2018

Read more...

Қаз 8, 2018

Read more...

Қаз 3, 2018

Read more...

Қыр 20, 2018

Read more...

Қыр 19, 2018

Read more...

Шіл 5, 2018

Read more...

Мау 4, 2018

Read more...

Мам 22, 2018

Read more...

Мам 19, 2018

Read more...