Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (JICA) - даму мақсатындағы Жапония Үкіметі атынан ресми көмек үйлестіретін тәуелсіз мемлекеттік агенттік. Агенттіктің негізгі мақсаты дамушы елдерде экономикалық және әлеуметтік өсуге көмек және халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.

Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) аға кеңесшісі Нобору Какису делегацияның және агенттіктің негізгі қызметімен таныстырды. Сапардың негізгі мақсаттарының бірі - ғылыми-инновациялық қызметті зерттеу. Бұның бастамасы - 2015 жылдың қазан айында Қазақстанға ресми сапармен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ келуі болды. Оның аясында Үкімет пен біздің елбасы арасында келіссөздер өтіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осыдан кейін, JICA атынан жапондық үкіметтік топ Қазақстандағы адам ресурстарын дамыту туралы ақпаратты жинау үшін біздің елге бағытталған болатын. Қазіргі уақытта, ол білім беру жүйесін және қазақстандық ЖОО инновациялық дамуын зерттеуге ниет білдірді. Жапония Үкiметiне Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін қай бағытта серіктестік мүмкін салалары ұсынылатын болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Бүркітбаев М.М. өз кезегінде, делегацияны университет қызметімен таныстырды. Біздің білім беру бағдарламаларының 90% астамы ASIIN, AQUIN, AQA, FIBA еуропалық аттестаттау агенттіктерімен және білім сапасын басқару жүйелерімен танылғаны атап өтілді

Кездесу нәтижелері:

1. Тараптар JICA және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметтерімен танысты. Тараптар агенттіктің талдай білу қасиеті және мүмкіндіктері ұзақ мерзімді және қызметтің барлық ықтимал жерлерінде, әсіресе жаратылыстану-ғылыми сферада өзара тиімді ынтымақтастықты орнықтыруға қабілетті деген қорытындыға келді.

2. Қажет болған жағдайда одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігі туралы қорытынды шешім қабылдау үшін, тараптардың уәкілетті өкілдері бірлескен консультациялар мен кездесулер өткізеді.

Қыр 20, 2017

Read more...

Қыр 15, 2017

Read more...

Қыр 11, 2017

Read more...

Қыр 11, 2017

Read more...

Қыр 8, 2017

Read more...

Қыр 8, 2017

Read more...

Шіл 4, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 27, 2017

Read more...

Мау 22, 2017

Read more...

Мам 25, 2017

Read more...

Мам 24, 2017

Read more...

Мам 10, 2017

Read more...

Нау 14, 2017

Read more...