СТАМБУЛ УНИВЕРСИТЕТІ, АЙТМАТОВ АКАДЕМИЯ (AITMATOV ACADEMYЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  

 

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

2017 жылы 27 – 28 тамызда 

 

Стамбульском университеті жанындағы әль-Фараби Орталығында (Түркия)

№3693/ГФ4 «ЖаҺанданған социумдағы Орта Азия түркілерінің діни идентификациясы» атты  іргелі зерттеулеулер жобасы аясында 

«ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ КОНТЕКСТІНДЕГІ ИСЛАМ ӘЛЕМІ"

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

 

      Біз жоспарлап отырған халықаралық конференцияның негізгі бағыты ортақ тарихи-мәдени кеңістік, аймақтық ерекшеліктер және  олардық өзара қарым-қатынасы «діни-мәдени үйлесімділік және Орта ғасырлар мен жаңа замандағы Орта Азиядағы түркілер қоғамының конфессионалды-мәдени толераттылық үлгісі (компоративті талдау)» үлкен жобасының ауқымында  өтеді.

       Конференцияның жобасы бір мәселеге арналады: Орта Азиядағы исламның қазіргі жағдайына және діни идентификацияға, сондай-ақ  қазіргі Орталық Азиядағы исламның жағдайы мен олардың мәдени ұқсастықтарының негізінде индентификациялануы мен қазіргі араб әлемімен байланысы діни контексте қарастырылады.

      Мәселені осындай қырынан қарау қазіргі таңда дін арасындағы діни-мәдени үйлесімділік пен толеранттылыққа негіз болатын исламдағы өзіндік ерекшеліктері бар конфессиялық факторлар тұрғысынан зерделенбек. Көтерілетін мәселелердің қатарында, сондай-ақ араб және түркі әлемінің арасындағы мәдени ұқсастықтар мен айырмашылықтарға да көңіл аудару, қазіргі таңда қауіпті болып отырған дәстүрлі емес ислами бағыттардың туындауының себептеріне үңілу, Орталық Азиядағы дін мен мәдениеттің үйлесімділігі, дәстүр сабақтастығы тақырыптары да қозғалады. 

          Конференцияда төмендегідей бағыттағы мәселер талқыланады:

 - Орта Азиядағы мұсылман рухани құндылықтары мен мұсылмандар;

 - Орта Азиядағы зайырлы өкімет және мұсылман қауымы: ислам факторына қатысты прагматикалық және прагматикалық емес саясат;

- діни және мәдени идентификация: зерттелу жағдайы мен келешегі;

- түрік әлемінің ислам өркениетімен сабақтастығын зерттеу барысындағы әдістеме мен болжамдар;  

- әлемдік саяси үрдістердегі дін мен исламның рөлі;

-қазіргі түркітанудағы дүниетаным мен дін мәселелері.

        Конференцияға дін, социум және мәдениет саласында зерттеу жүргізіп жатқан отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар  шақырылады.

        Сондай-ақ конференция аясында 3268/ГФ4 іргелі зерттеулер жобасының негізінде көрнекті түркітанушы ғылым А.С. Аманжоловты еске алу құрметіне арналған «Түркі эпиграфикасы мен палеографиясы» атты дөңгелек стол өткізіледі.

        Конференция – қазақ, орыс және түрік тілдерінде өткізіледі

Баяндамашыларға арналған регламент: 5-7 минут.

Конференция материалдары арнайы басылымда жарық көреді. Баяндамаларыңызды көрсетілген майл адресіне жолдай аласыздар sapashevo@gmail.com, gabdullin5682@mail.ru

Конференцияның ұйымдастырушылары:

Стамбул университеті жанындағы әль-Фараби Орталығы (Түркия), Айтматов Академиясы (Ұлыбритания) және аль-Фараби ҚазҰУ Шығыстану факультетінің ТҮРКСОЙ кафедрасы

 

Өткізілетін жері: Beyazıt, 34452 Fatih/Стамбул, Түркия

 

 

Қыр 20, 2017

Read more...

Қыр 15, 2017

Read more...

Қыр 11, 2017

Read more...

Қыр 11, 2017

Read more...

Қыр 8, 2017

Read more...

Қыр 8, 2017

Read more...

Шіл 4, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 27, 2017

Read more...

Мау 22, 2017

Read more...

Мам 25, 2017

Read more...

Мам 24, 2017

Read more...

Мам 10, 2017

Read more...

Нау 14, 2017

Read more...