Стамбұл университетінің ректоры Махмут АК бастаған делегацияның ресми сапары 

         2016 жылдың 28 наурыз күні Стамбұл университетінің ректоры Махмут АК бастаған делегация ресми сапармен ҚазҰУ-ға келді.  Делегация құрамында сондай-ақ проректор, профессор Байрам Мерт Саврун мен Бас хатшы, профессор Метин Кучук болды. Сапар барысында қонақтар университет кампусымен танысып, Әл-Фараби кітапханасын, Әл-Фараби орталығын, Студенттерге қызмет көрсету орталығын, нанолабораторияларды, Самсунг орталығын, университет мұражайын аралады. Профессор, доктор Махмут АК Қазақ Ұлттық Университетінің инфрақұрылымы таңдарғанын атап өтті.

ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.М.Мұтановпен кездесу барысында ғылым және білім беру, студенттермен алмасу салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі мәселелер талқыланды. Кездесуге шығыстану, философия және саясаттану факультеттерінің декандары, ТҮРКСОЙ кафедрасы, Әл-Фараби орталығының басшысы қатысты. Кездесудің басты тақырыптарының бірі Стамбұл университетінде Әл-Фараби орталығын ашу болды және де бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша қос дипломды білім беру саласын дамыту талқыланды. Жыл сайын екі ел университеттері арасында іске асырылатын Mevlana студенттерді алмасу жөніндегі халықаралық бағдарламысының маңыздылығы мен артықшлықтары атап өтелді. 

Кездесу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының екі жетекші жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылданды. Қонақтар ҚазҰУ-дың ректоратына қатысып, Стамбұл университетінің ректоры ҚазҰУ-дың “Құрметті доктор” атағымен марапатталды және “Достар клубының” мүшелік сертификатына ие болды.

 

Шіл 4, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 27, 2017

Read more...

Мау 22, 2017

Read more...

Мам 25, 2017

Read more...

Мам 24, 2017

Read more...

Мам 10, 2017

Read more...

Нау 14, 2017

Read more...

Нау 10, 2017

Read more...

Нау 9, 2017

Read more...

Ақп 22, 2017

Read more...

Ақп 21, 2017

Read more...

Ақп 17, 2017

Read more...

Ақп 16, 2017

Read more...