Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы: университет ректоры – Мутанов Г.М., «ТҮРІКСОЙ» кафедрасының меңгерушісі - Тұрғанбаева А.А., Әл-Фараби орталығының директоры – Алтаева Д.А., Халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы - Жұмабаева М.Б. 2016 жылы 31 қаңтарда Түркия Республикасының жетекші жоғарғы оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнату және жиналыстарға қатысу мақсатымен іс-сапармен барды.

Түркияның бірқатар университеттерінің ректорларымен жемісті кездесулер жүргізіліп, келіссөздерге қол жеткізілді. Олардың қатарында Айдын Университеті (нәтижесінде өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды), Бируни Унтиверситеті (медициналық білім саласында профессорлық-оқутышылық құрамның біліктілігін арттыру жөнінде бірлесе жұмыс істеуге келісті), Түркияның ірі оқу орындарының бірі Ыстамбұл Университеті (магистранттар және докторанттармен алмасу мақсатымен бірлескен бағдарлама құруға келісті), Османғазы Университеті (нәтижесінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды), Анадолы Университеті (қашықтықтан оқыту бойынша бірлескен бағдарламаны құру жөнінде келісті), Фатих Сұлтан Мехмет университетіндегі Өркениеттер Альянсы институты («Фараби – өркениет философы» деректі фильмінің түсірілімін осы жылдың көктемінде Қазақстанның Отырар қаласында жалғастыру жөнінде және халықаралық Өркениеттер Альянсы Форумына дайындық жөнінде, атап айтқанда ұйымдастырушылары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Өркениеттер Альянсы институты  болып табылатын әл-Фараби бөлімінің жұмысы туралы талқыланды).
           
            Кездесулер барысында делегацияны Түркия Премьер-Министрінің аға кеңесшісі профессор, доктор Бекир Карлыга алып жүрді. Бекир Карлыганың әл-Фараби жөніндегі кітабының қазақша аудармасы мен профессор, акакдемик Г.М. Мутановтың өлеңдер жинағының түрікше аудармасы Ескишехир губернаторлығы басшылығымен ұсынылды. 

Сонымен қатар, Түркия Республикасының жоғары лауазымды Гюнгор Азим Туна – Ескишехир қаласының губернаторы, Тугрул Туркеш – Түркия премьер-министрінің орынбасары, Касеинов Д.К. – білім министрінің орынбасары, ТҮРІКСОЙ Бас хатшысы секілді ресми тұлғаларымен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде Түркі әлемінің мәдени және рухани мұрасын алмасу мақсатымен бірлескен бағдарламаларды әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі, өзекті салаларда үздік мамандар даярлайтын университет ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қызығушылық танылды.

Шіл 4, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 27, 2017

Read more...

Мау 22, 2017

Read more...

Мам 25, 2017

Read more...

Мам 24, 2017

Read more...

Мам 10, 2017

Read more...

Нау 14, 2017

Read more...

Нау 10, 2017

Read more...

Нау 9, 2017

Read more...

Ақп 22, 2017

Read more...

Ақп 21, 2017

Read more...

Ақп 17, 2017

Read more...

Ақп 16, 2017

Read more...