Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлері!

 

Халықаралық  ынтымақтастық департаментi Кадис Университетінің оқытушылық мобильділік, біліктілікті арттыру мақсатындағы мобильділік және Erasmus + бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу шәкіртақысын алу жөніндегі байқаудың жариялануы жайында хабардар етеді.

Стипендия бойынша:
• Жол шығындары өтеледі
• Тәулігіне күндік шығындарды өтеу мақсатымен 120 еуро көлемінде төленеді  (5 күн + 2 күн көшуге арналған)
• Назар аударыңыз! Тәжірибелер мерзімі бойынша 2 айға дейін созылуы мүмкін, бірақ бағдарлама тек алдыңғы тармақта көрсетілген күндердің шығынын қамтамасыз етеді.

Қажетті құжаттар:

  • Доцент тағылымдамасы жөніндегі ұсыныс (еркін нысанда мақсаттар, міндеттер мен іс-шараларды көрсетіп, ағылшын немесе испан тілдерінде өткізілуі қажет) – оқутышылық мобильділік мақсатында
  • Тағылымдама жөніндегі ұсыныс (еркін нысанда мақсаттар, міндеттер мен Кадисте іске асырғысы келетін іс-шараларды көрсетіп, ағылшын немесе испан тілдерінде өткізілуі қажет) – біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мобильділігі мақсатында
  • Өтініш нысаны
  • Мобильділік туралы келісім
  • Төлқұжат көшірмесі
  • Қысқаша резюме

Іріктеу критерийлері:

  • Доцент тағылымдамасы/мобильділігі жөніндегі ұсыныстың Кадис университетінің академиялық мүдделеріне сәйкес келуі;
  • Бағдарламаға қатысушы университеттер мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық  үшін берілген тағылымдаманың/мобильділіктің маңыздылығы;
  • Берілген модильділіктің тиімділігі.

Қойылатын талаптар:

Ағылшын және испан тілдерін университетте сабақ беру деңгейінде меңгеру – оқутышылық мобильділік мақсатында

Ағылшын және испан тілдерін қабылдау университетіндегі оқытушылар мен қызметкерлермен еркін тілдесу үшін B2 деңгейінде меңгеру – біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мобильділігі мақсатында

Қажетті ақпаратпен университет сайтында танысуға болады:  

http://www.uca.es/ori/erasmus/movilidad-profesores

Оқытушылық мобильділік: http://www.auhr.es/ru/cargarAplicacionCatConvocatoriaAgenda.do?convocatoria=1&identificador=502&idCategoria=13

Біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мобильділігі (орыс тілінде):

http://www.auhr.es/ru/cargarAplicacionCatConvocatoriaAgenda.do?convocatoria=1&identificador=504&idCategoria=13

Өтінішті өткізудің соғы мерзімі: 2016 жылдың 29 ақпаны

Орындар саны шектеулі.

Ниет білдірушілерді Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуды өтінеміз (Ректорат ғимараты, 12 қабат, каб.1205,1204 тел. 3773446)

Шіл 4, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 27, 2017

Read more...

Мау 22, 2017

Read more...

Мам 25, 2017

Read more...

Мам 24, 2017

Read more...

Мам 10, 2017

Read more...

Нау 14, 2017

Read more...

Нау 10, 2017

Read more...

Нау 9, 2017

Read more...

Ақп 22, 2017

Read more...

Ақп 21, 2017

Read more...

Ақп 17, 2017

Read more...

Ақп 16, 2017

Read more...