13.10.2015 

ҚазҰУ-да «Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасы бойынша семинар өз жұмысын бастап кетті. Іс-шараға Алматы қаласы және Алматы облысының ЖОО мен зерттеу институттарынан 16 өкіл қатысып жатыр. Біліктілікті көтеруге арналған семинарды Канададан келген білім жөніндегі кеңесші Тара Мичел,  «Researcher Connect» бағдарламасының сертификатталған тренерлері  Эльмира Ыбраева мен Карина Нәрімбетова өткізуде. Семинар ағылшын тілінде өтіп жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Ал «Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасының негізгі үйлестірушілері British Council (Британдық Кеңес) мен «Ғылым қоры» АҚ басты мақсаты Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметін қолдау мен зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасы бойынша өтіп жатқан алғашқы семинар өз жұмысын бастап кетті. Үш күнге созылатын «Researcher Connect» атты тренингте зерттеушілердің кәсіби біліктілігін арттыру көзделген.Халықаралық коммуникациялық дағдыларды дамытуға бағытталған «Researcher Connect» интерактивті оқыту курстары ғылыми-зерттеу қызметінің кез келген сатысында жүрген және кез келген академиялық салада жұмыс істейтін зерттеушілерге арналған.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев: "Біздің университет "Ньютон – әл-Фараби» атты үкіметаралық қазақ-британдық бағдарлама шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында құрылған кәсіби даму мен ынтымақтастық орталығы зерттеушілердің біліктілігін арттыру үшін жарыс негізінде хабпен таңдалған. Біз бұл бастаманы уақытылы және өзекті деп есептейміз. Осы семинарға қатысқан Алматының ЖОО-ның көптеген ғалымдары өнімді халықаралық ынтымақтастықты құруға қажетті білімді игереді деп үміттенеміз", - деп сенім білдірді.

Шіл 4, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 27, 2017

Read more...

Мау 22, 2017

Read more...

Мам 25, 2017

Read more...

Мам 24, 2017

Read more...

Мам 10, 2017

Read more...

Нау 14, 2017

Read more...

Нау 10, 2017

Read more...

Нау 9, 2017

Read more...

Ақп 22, 2017

Read more...

Ақп 21, 2017

Read more...

Ақп 17, 2017

Read more...

Ақп 16, 2017

Read more...