25.09.2015

ГПИИР-2-ге кадр дайындау бойынша ЖОО ректорлар Консорциумы мүшелерінен құралған Қазақстандық делегация Флоренцияда (Италия) инженерлік білім беру бойынша өткен Халықаралық форумға қатысты. Форум «Тұрақты қоғамға арналған инженерлік білім беру» тақырыбы аясында 130-ға жуық елдің басын қосты.

2015 жылдың 21-25 қыркүйегі аралығында Флоренцияда Халықаралық инженерлік білім беру форумы  әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіби сарапшылардың басын қосты. Форум аясында жаһандық инженерлік білім берудің бағыты, білім берудегі, индустрия мен ғылымдағы әріптестіктің жаңа формаларын қалыптастыру, инженерлік білім беру бағдарламаларының сапасы, білім берудегі жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар және т.б. тақырыптар талқыға түсті.  Ауқымды іс-шараның маңызы зор. Әлемдік экономикалық жаһандану мен ғылыми-технологиялық прогресс уақытында заманауи инженерлік білім қоғамның тұрақты дамуында негізгі білімнің құрамдас бөлігі ғана болып қалады.   

WEEF 2015 жұмысына әлемдік инженерлік бірлестіктер қатысты: Инженерлік білім беру қоғамының халықаралық федерациясы (IFEES), Инженерлік білім беру саласындағы аккредитациялау бойынша еуропалық желі (ENAEE), Инженерлік білім саласындағы Америкалық қоғам (ASEE), Инженерлік педагогика саласындағы халықаралық ұйым (IGIP), Инженерлік білім беру бойынша Еуропалық кеңес (EED), Инженерлік білім беру бойынша Еуропалық қоғам (SEFI), Инженерлік білім берудегі ғаламдық қоғам (GEDC), Инженерлік білім беруді дамытатын Халықаралық институт (IIDEA) және басқа да халықаралық ұйымдар. 

Форумда қазақ халқының мүддесі үшін үздік университеттердің басшылары – ГПИИР-2-ге кадр дайындау бойынша ЖОО ректорлар Консорциумы мүшелері экономиканың негізгі алты бағыты бойынша жұмыс жасады. Консорциум мүшелерінің мақсаты экономиканы әртараптандыру, отандық өнімнің және елдің инновациялық секторының дамуына бағытталған ГПИИР-2 кадр дайындауда халықаралық инженерлік білім беру бағдарламаларын іске асыру.Форум нәтижесінде Қазақстандық ЖОО Консорциумы мен IFEES, ENAEE, IGIP халықаралық инженерлік бірлестіктерімен және қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы (КazSEE) арасында институционалдық келісімге қол қойылды.

 

Шіл 4, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 30, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 29, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 28, 2017

Read more...

Мау 27, 2017

Read more...

Мау 22, 2017

Read more...

Мам 25, 2017

Read more...

Мам 24, 2017

Read more...

Мам 10, 2017

Read more...

Нау 14, 2017

Read more...

Нау 10, 2017

Read more...

Нау 9, 2017

Read more...

Ақп 22, 2017

Read more...

Ақп 21, 2017

Read more...

Ақп 17, 2017

Read more...

Ақп 16, 2017

Read more...