Халықаралық  ынтымақтастық 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің беделді деген 300-ден астам университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан және Халықаралық, Еуропалық және Еуразиялық университеттер ассоциациясы, Дүниежүзі университеттер консоруиумының  мүшесі болып табылады.

                                                                                             

                         

ҚазҰУ екі халықаралық университет желісі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті (ШЫҰУ) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Ашық университетінің желісі аумағында белсенді түрде жүмыс жасауда. 



Соңғы жылдарда сапалы, әрі динамикалық дамып келе жатқан халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастық орнатуда маңызды бағыт болып табылады. Жыл сайын ҚазҰУ 2000-нан астам студенті тілдік, ғылыми іс-тәжірибеден өту мақсатында шетелдік білім және ғылым мекемелеріне жіберіледі. Университет жыл сайын 600-ден астам университет мұғалімдері мен қызметкерлерін ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азияның жоғары оқу орындары мен ұйымдарының шақыруымен халықаралық конференциялар, кездесулерге қатысу мақсатында іс-сапарға жібереді. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелде Қазақстанның  позитивті имиджін қалыптастыруға белсенді түрде ықпал етуде. Шетелдік серіктес университеттерде бірнеше жылдар бойында әртүрлі орталықтар мен кафедралар ашылды, сонымен қатар, қазақ ұлтының тарихы, мәдениеті мен өнері, өмір салтымен танысуға мүмкіндік жасалған қазақ тілі курстары жұмыс жасайды. Соның ішінде, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) және Адам Мицкевич атындағы университетті (Польша) ерекше атап өтуге болады.

ҚазҰУ халықаралық серіктестерімен біріге отырып, өзінің диалогтік алаңы бар  (www.greenbridge.kaznu.kz)  «Ұрпақтар арқылы жалғасқан жасыл көпір» сияқты  бірқатар халықаралық ғылыми білім беру жобаларын жүзеге асыруда.

ҚазҰУ Орталық Азия университеттерінң арасында бірінші болып RIO+20 конференциясында өз диалогтік алаңын ұсынды: РИО-20 тұрақты даму бойынша БҰҰ Декларациясына қосылды, RIO+20 конференциясының бір секциясын басқырды, Қазақстан Президенті идеясын (XXI ғасырдығы тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы) жүзеге асыру мақсатында “Green Bridge through Generations” платформасын құрастырып, ұсынды. 


 

2013 ж. қарашасында  Ресей және Қазақстанның аймақтары арасындағы ынтымақтастығының X Форумы барысында «Екатеринбург – ЭКСПО»-да  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттыұ университетінің жәрмеңкелік экспозициясы өткізілді. 2014 ж. қаңтар айында ҚазҰУ тұрақты даму мәселелері бойынша United Nation Academic Impact (БҰҰ академиялық ықпалы) глобальды хабы болу мәртебесі сеніп тапсырылды. UNITWIN бағдарламасы негізінде ҚазҰУ базасында ЮНЕСКО ұсынған ЮНЕСКО-ның тұрақты даму бойынша Орталық Азия аймақтық хабы ашылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар барысында, сонымен қатар, университеттің тұрақты даму бойынша белсенділігін арттыру мақсатында 2014ж Астана және Алматы қалаларында өткен VII Астана экономикалық форумы шеңберіндегі «Еуразиялық түрлілік және тұрақты дамудағы университеттер ролі» III Азия университеттері Форумы өткізілді.



ҚазҰУ «Тұрақты адамзаттық дамудағы жаңа парадигма. G-Global – глобальды диалог үлгісі» тақырыбындағы халықаралық конференцияны өткізудегі базалық ұйым ретінде тағайындалды. Бұл конференция Дүниежүзілік ғылым және өнер академиясы (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) біріге отырып, халықаралық ұйымдар өкілдері,  атақты ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткізілді.

 

 

 

 

Нау 14, 2017

Read more...

Нау 10, 2017

Read more...

Нау 9, 2017

Read more...

Ақп 22, 2017

Read more...

Ақп 21, 2017

Read more...

Ақп 17, 2017

Read more...

Ақп 16, 2017

Read more...

Ақп 14, 2017

Read more...

Ақп 9, 2017

Read more...

Қаң 24, 2017

Read more...

Қар 28, 2016

Read more...

Қар 28, 2016

Read more...

Қар 24, 2016

Read more...

Қар 1, 2016

Read more...

Қаз 25, 2016

Read more...

Қаз 21, 2016

Read more...

Қыр 30, 2016

Read more...

Қыр 8, 2016

Read more...

Қыр 8, 2016

Read more...

Қыр 8, 2016

Read more...

Мау 1, 2016

Read more...